КҮН ЖӘНЕ ЖҮРЕК СӨЗІ
(1)
Мен Памодан жаралғанмын,
Күн нұрынан нәр алғанмын.
Әлі шыңға шықпаған,
Ішіндемін сан арманның.
(2)
Мен Памоданмын, білсеңіз,
Арман-асқақ, жыр-теңіз.
Қаламсабым - қаруым,
Жүрек сөзі - шын лебіз.
(3)
Мен даланың руынанмын,
Кешегіден бүгін бармын.
Туған жерім - Памомның,
Жалынынан жылынғанмын.
(4)
Мен Памомен біргемін,
Сонда өткен күндерім.
Басылмайды ешқашан,
Сағынышым бір менің.
(5)
Қымбат маған әр қырың,
Жиі аңсаймын таң нұрын.
Ұмытылмас мәңгілік,
Балалығым - бал күнім.
(6)
Нәрім Памо жаңбыры,
Дәрім, емім әр гүлі.
Күн секілді сөнбейді,
Адамдардың тағдыры! ! !
------
Пешава Какайи
Күрдістан ақыны.
Қазақ тіліне аударған: Мадияр Оспанов
This poem has not been translated into any other language yet.
I would like to translate this poem