МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ ТҮСТЕР МЕН САУСАҚТАРДЫҢ АРАСЫНДА...
«Пешава КАКАЙИ»
Мен суреткермін...
Менің жүрегім қараңғы әлем ішінде,
Айналғанмын көрінбейтін мүсінге.
Өлеңіммен шырақ етіп жағамын,
Ерітемін мұзарт шың мен аралын.
Құмды шөлін айналдырам бұлаққа,
Жеңілмеймін тағдыр-тәлкек, сынаққа.
Бұрынғының ескілерін жаңартам,
Құдіретіммен қара түсті ағартам.
Кеудем-жалын, мәңгі сөнбес қолда шам,
Сенің солай жүрегіңе мөр басам.
Сенің терең тұңғиығыңа батамын,
Қажет емес жалған мансап, атағың.
Кейде мен де сарғаямын сағынсам,
Адасамын қара түннен жаңылсам.
Жуып күнде саусақтарымды шаямын,
Қара түсті қиялыммен жоямын.
Жүрегімді әрбір түске бөлемін,
Көктен әсем күннің нұрын төгемін.
Сол қолымның саусағымен мұң етем,
Оң қолымның саусағымен нұр етем.
Менің басқа саусақтарым сан қырлы,
Шуағынан күйге енетін таң нұрлы.
Менің жаным сезінеді бар сырды,
Естимісің, ей, дүние, даусымды?
Бұл өмірдің әрбір түсі - тағдырым,
Ұғындырар, тыңдай алар жан мұңын!
Аппақ түспен жеңе білген барлығын! ! !
-----
29.04.2015 / Каладзе
Қазақ тіліне тәржімалаған: Мадияр Оспанов
This poem has not been translated into any other language yet.
I would like to translate this poem